Еліміз 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруді көздеп отыр
Еліміз 2026 жылдан бастап 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруді көздеп отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Энергетика министрі бүгінгі Үкімет сағатында мәлім етті. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, мұндай межеге ірі жобаларды жүзеге асыру есебінен жетуге болады. Бір ғана «Теңізшевройл» мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға арттыруды қамтамасыз ете алады. Қазір Қашаған мен Қарашығанақта газ өңдеу зауыттары салынып жатыр. Бұдан бөлек, елдегі Шымкент, Павлодар және Атыраудағы мұнай өңдеу зауыттарының қуатын арттыру көзделіп отыр. Сол арқылы бензинге, авиациялық және дизельдік отынға деген нарық сұранысын 2035 жылға дейін қамтуға болады. «Ал артық жанар-жағармайды экспорттауға мүмкіндік туады», - дейді министр. Жалпы жыл басынан бері елдегі мұнай өндіру көлемі 11 млн тоннаға жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 14,5 млн тонна болады деп болжанып отыр.