Еліміз 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруді көздеп отыр

2 678

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: 24.kzЕліміз 2026 жылдан бастап 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруді көздеп отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Энергетика министрі бүгінгі Үкімет сағатында мәлім етті. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, мұндай межеге ірі жобаларды жүзеге асыру есебінен жетуге болады. Бір ғана «Теңізшевройл» мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға арттыруды қамтамасыз ете алады. Қазір Қашаған мен Қарашығанақта газ өңдеу зауыттары салынып жатыр. Бұдан бөлек, елдегі Шымкент, Павлодар және Атыраудағы мұнай өңдеу зауыттарының қуатын арттыру көзделіп отыр. Сол арқылы бензинге, авиациялық және дизельдік отынға деген нарық сұранысын 2035 жылға дейін қамтуға болады. «Ал артық жанар-жағармайды экспорттауға мүмкіндік туады», - дейді министр. Жалпы жыл басынан бері елдегі мұнай өндіру көлемі 11 млн тоннаға жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 14,5 млн тонна болады деп болжанып отыр. 

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі: - Мұнай-газ саласы тұрақты экономикалық дамудың негізгі драйверлерінің бірі саналады. Бүгінгі салада 1300-ден астам кәсіпорында 220 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жалпы ішкі өнім құрылымында мұнай-газ саласындағы үлесі шамамен 16%-ті құрайды және ел бюджетіне түсетін түсімдердің 28%-тен астамын және экономикаға инвестицияның 15%-тен астамын қамтамасыз етеді.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.