Ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы мамырда басталады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы мамырда іске қосылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Қазіргі уақытта бұл бағдарламаға «Отбасы» банкі 300 млрд теңге тартып жатыр. Бұл - бағдарламаның жалпы мөлшері. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаты үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде.
Оның атап өтуінше, алдағы мамыр айында бағдарламаның барлық шарты жария етіледі.
Қаз
Рус






