Ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы мамырда басталады

2 542

Ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы мамырда іске қосылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қазіргі уақытта бұл бағдарламаға «Отбасы» банкі 300 млрд теңге тартып жатыр. Бұл - бағдарламаның жалпы мөлшері. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаты үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде.


Оның атап өтуінше, алдағы мамыр айында бағдарламаның барлық шарты жария етіледі.


«1 мамырда бағдарламаның барлық шартын толықтай жария етеміз. Ол 1 мамырдан басталады. Қазіргі уақытта оған нарықтан қаражат тартып жатырмыз. Тек аздаған уақыт қажет. Сондықтан бағдарлама 1 мамырдан басталады. Министрлік пен «Отбасы» банкі қызметкерлеріне тағы бір мәрте жеке баспасөз мәслихатын өткізіп, бағдарлама жайында айтып беруді өтінеміз», - деді министр.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.