Жиһаз өнеркәсібіне инвестиция көлемі 11 есе өсті

2 582

bacino.proБиылғы қаңтар-наурыз айларында елімізде жиһаз өнеркәсібі саласына 1 173,4 млн теңге инвестиция тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 11 есеге көп. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

«Аталған секторға инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында өңірдің жиһаз өнеркәсібі саласына 645,1 млн теңге немесе жалпы елдік деңгейдің 55% тартылған. Мұндай жоғары өсім нәтижесі орындықтар мен отыруға арналған басқа да жиһаздар өндірісіне инвестициялар көлемінің артуына (645,1 млн теңге) байланысты мүмкін болып отыр», — деп жазды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.