Ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен несие берілмек

579
«Ауыл аманаты» жобасы қатысушыларға 2,5% ғана құрайтын төмендетілген шағын несие беруді көздеп отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Павлодар облысында «Ауыл аманаты» жобасы табысты іске асып жатыр. Облыс әкімі ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының, сондай-ақ «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдерімен «Ауыл аманаты» жобасын талқылады.

Жобаның негізгі мақсаты – халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.

Шағын несие көлемі – 8,6 млн теңгеге дейін.

Павлодар облысында жоба шеңберінде 300 кейсті жобаны жүзеге асыруға 1,5 млрд теңге бөлінді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.