Қазақстандықтардың салық қарызы 24,3 млрд теңгеге жетті
483

Олардың ішінде көлік құралдары салығы бойынша салық міндеттемелерінен жалтарған автокөлік иелерінің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:
Алматы қаласында - 88 мың борышкер бойынша берешек 5,2 млрд. теңгені құрайды;
Алматы облысы - 132 мың борышкер бойынша берешек 3,9 млрд. теңгені құрайды;
Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында – тиісінше 2,6 млрд. теңге және 1,9 млрд. теңге берешегі бар 76 мың борышкерден.
2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірде аяқталғанын еске саламыз.
2022 жылғы 17 мамырдан бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға 1 АЕК-тен жоғары берешек сомалары бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтарын жолдау басталды.
Берешек төленбеген жағдайда салық бұйрығы табыс етілген күннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. Өз кезегінде, жеке сот орындаушылары «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы « Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқығы бар.
Егер қарыз 40 АЕК-тен асса, азаматқа елден шығуға тыйым салынуы мүмкін. ҚР шығуға тыйым салу туралы ақпаратты сілтеме арқылы білуге болады https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors.
Жазғы каникул және демалыс маусымы кезінде жағымсыз салдарларды болдырмау үшін Комитет салық берешегі болған жағдайда уақытылы төлем жүргізуді ұсынады. Салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының қойындысы Электронды сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі→ЖСН-ды енгізу арқылы тексеруге болады. E-Salyq Azamat мобильді қосымшасын сілтеме арқылы орнатуға болады.