Қазақстан банктеріне Ресей рублін елден шығаруға рұқсат берілді

489
Ел Үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1079 қаулысымен екінші деңгейлі банктерге қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен Қазақстаннан әкетуге рұқсат етілді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ұлттық банктің мәліметінше, аталмыш қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және күнтізбелік алпыс күн ішінде қолданыста болады.

Қолма-қол рубльді қолма-қол ақшасыз нысанға конвертациялау және банктердің корреспонденттік шотын толтыру мақсатында рұқсат енгізіледі.

Бұл ретте Ұлттық банк бүгінде екінші деңгейлі банктерде банк шотын, төлем карточкаларын, сондай-ақ электрондық әмияндарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлем мен ақша аударымын жүргізу үшін, қолма-қол Ресей рублінің жинақталу тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік беретін әралуан арналар мен құралдардың бар екеніне назар аудартады.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде танысуға болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.