«Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкере болды

1 380

 Фото: ҚМАҚМА Алматы облысы бойынша департаменті «Amanat Drive» атауымен қаржы пирамидасының қызметін әшкереледі,- деп хабарлайды "Opennews.kz" aқпарат агенттігі.

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушылары азаматтарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуды ұсынған. Алайда бұл міндеттемелер толық орындалмаған, ал мүлік туыстары мен жақындарына берілген. Нәтижесінде қаржы пирамидасы 8 мыңнан астам салымшыны тартқан, олардың жалпы салған қаражаты 21 млрд теңгеден асқан. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мақсатында, қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы бірнеше деңгейлі заңсыз схема жасаған. Ол өз бақылауындағы заңды тұлғаларды — «Алло, не керек», «i-m@rketing», «Gold SapaPremium» ЖШС — пайдаланған.

"Сот санкциясымен аталған мүлікке және тұтыну кооперативінің шоттарына тыйым салынды. Қаржы пирамиданың бас ұйымдастырушысы қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", — делінген ведомство хабарламасында.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.