Шетелден әкелінген қызанақтан вирус анықталған

2 515

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚызанақ тұқымдарының арасынан карантиндік вирус анықталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik ақпараттық сайтына сілтеме жасап. 

Қарағанды облысында мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында Ресей Федерациясынан әкелінген қызанақ тұқымдарының 130 қаптамасынан сынама алған.

"Фитосанитария" РМК жүргізген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы бойынша зерттелген үлгілерден карантиндік нысандар қатарына жататын қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus, ToBRFV) анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Әкімшілік іс материалдары Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы саудаға қатысушыларға ел аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптары мен фитосанитариялық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін еске салған.