Астық экспортына баж салығын енгізу керек

293
Дәнді және майлы дақылдардың экспортына уақытша баж салығын енгізу керек, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Бұдан түскен табыс ауылшаруашылық өнімін өндірушілерге қолдау ретінде берілуі тиіс.

Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша қазір әлемде азық-түлік шамамен 30-40 процентке қымбаттады. Ал Қазақстан Еуразия құрлығында ас атасы нан жасалатын бидайды экспорттаушы ірі мемлекеттің бірі. Бірақ астықты шикізат күйінде сатып пайдасын толық көре алмай отыр. Оны шетке тасушылар көп. Сондықтан тамыз айында Қазақстан өнімді жосықсыз экспорттауға тыйым салып, квота енгізді. Алайда оның кімге қалай берілетіні түсініксіз. Ал көрші Ресей дәнді және майлы дақылдардың экспортына БАЖ салығын енгізді. Яғни майлы дақылдар үшін тоннасына 320 АҚШ доллар, рапстың тоннасына165 еуро салық алынады. Депутаттың айтуынша, БАЖ салығын енгзіп, жергілікті өндірісті қолдау импортқа тәуелділікті азайтып, бағаның өсімін тежейді. Сондай-ақ мал азығын дайындауға да мүмкіндік береді.  

Ерлан Барлыбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Былтыр елден 1 миллион тонна майлы дақыл экспортталды. Егер тоннасына ең болмағанда 100 доллардан салық алғанда бюджетке қосымша 100 миллион доллар немесе 43 миллиард теңге пайда түсер еді. Бұған қосы былтыр елден 5 миллион тонна бидай экспортталған. Егер осыны өзімізде өңдесе одан шыққан жарма меен кебек аштан қырылып жатқан малға азық болар еді. Әрі бағаның шарықтап кетуінің алдын алады.