Еліміз Өзбекстанға азық-түлік жеткізуде көш бастап тұр

526

Фото: https://agrosektor.kz/agriculture-news/v-techenie-5-let-v-kazahstane-na-razvitie-pererabotki-v-apk-budet-napravleno-372-mlrd.-tenge.htmlЕліміз биылғы жеті айда Өзбекстанға жеткізілетін азық-түлік тауарларының импортын 1,4 есе көбейтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан Республикасы мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, қаңтар-шілде айларында Қазақстан жалпы импорттағы 37 пайыз үлесімен азық-түлік өнімдерін жеткізетін негізгі елдер тізімінде бірінші орынды сақтап қалды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, қазақстандық өнімді сатып алу 1,4 есе өсіп, қаржылық көрсеткіштер 499,3 млн доллардан 698,9 млн долларға дейін өсті.
Ведомство мәліметінше, Қазақстаннан бидай импорты 344,9 млн доллардан 422,4 млн долларға (1,2 есе), бидай ұны 45,9 млн доллардан 68,5 млн долларға (1,5 есе), өсімдік майы 43,6 млн доллардан 62,5 млн долларға (1,4 есе), маргарин және май – 2,6 млн доллардан 35,5 млн долларға дейін (13,2 есе), ет – 10,2 млн доллардан 39,6 млн долларға дейін (3,9 есе) өсті.
Импорттаушы елдердің бестігіне сондай-ақ Ресей – 24,6% (импорттың жалпы көлемінен), Бразилия – 13,8%, Беларусь – 4,3%, Пәкістан – 2,7% кірді.