Елімізде жылу беру қазандықтарының 97 пайызы дайындалды - министр

351

Фото: https://vlast.kz/novosti/14933-atomnoj-energii.htmlЖылу беру маусымына тұрғын үйлер бойынша Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында дайындық тиісті деңгейде емес. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Тұрғын үйлердің жылы беру маусымына дайындығына тоқталсақ, жөндеу жұмыстары жоспарланған 48 413 тұрғын үйдің 42 383-і немесе 88 пайызы дайын. Тұрғын үй дайындығының төмен қарқыны Павлодар (67%, 2 484-тен 1 651), Солтүстік Қазақстан (75%, 1 361-ден 1 014) облыстарында байқалып отыр», - Қ. Өскенбаев.


Бұдан бөлек, ол автономды қазандықтардың дайындығына тоқталды. Жергілікті атқарушы органдар 11 435 автономды қазандықты жөндеуді жоспарлаған. Оның ішінде 11 074 қазандық немесе 97%-ы дайындалды. Басқа өңірлермен салыстырғанда Абай (73%, 273-тен 199), Қарағанды (85%, 623-тен 532), Жамбыл (90%, 565-тен 508) облыстарында дайындық жұмыстары төмен деңгейде жүргізіліп жатыр.

«Жылу желілерін дайындауға қатысты айтатын болсақ, жоспарланған 1 249 шақырым жылу желілерінің 1 176 шақырымы немесе 94%-ы жөнделді. Алайда, Абай, Түркістан, Жетісу облыстарында жөндеу жұмыстары баяу жүргізіліп отыр», деп нақтылады министр.


Оның сөзіне қарағанда, 2 353 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 2 031 шақырымы немесе 86%-ы жөнделді. Сумен жабдықтау нысандарын дайындау бойынша төмен көрсеткіштер Түркістан, Алматы және Ақмола облыстарында тіркелді.

«Әкімдіктер жылу беру маусымына инженерлік инфрақұрылымды, әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлерді уақытылы әрі сапалы дайындау бойынша тиісті шараларды күшейтуі қажет», - деді ведомство басшысы.