Үкімет 3 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарады
Министрлер кабинетінің мүшелері осы жылдың 3 айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарып, республикалық бюджеттің атқарылуына қатысты Қаржы министрінің есебін тыңдайды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Онда тілшілердің сұрақтарына Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков және Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жауап береді.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2026 ж қаңтар–наурызда көтерме сауда көлемі 10,8 трлн теңгені, ал бөлшек сауда 5,2 трлн теңгені құрады. Бөлшек сауда көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға өсті. Ауыл шаруашылығында сиыр сүті өндірісі 3,6%-ға, жұмыртқа өндірісі 9,5%-ға артты, ал мал мен құс етін өндіру 3,4%-ға төмендеді. ![]()
Байланыс саласында нақты көлем индексі 103,9%-ды көрсетті. Негізгі үлесті интернет және ұялы байланыс қызметтері алады. Көлік саласында теміржол арқылы 90,7 млн тонна жүк және 4,7 млн жолаушы тасымалданды. Автокөлікпен жүк тасымалы 20,4%-ға, жолаушылар тасымалы 9,5%-ға өсті. Әуе көлігімен 3,4 млн жолаушы тасымалданса, теңіз көлігімен жүк тасымалы 1,1%-ға азайған.
Бүгінгі таңда пайдалы қатты қазбалар саласының 40 жер қойнауын пайдаланушысы көмірге қатысты 41 келісімшартпен жұмыс істейді. Қазіргі уақытта көмір саласына жаңа инвестициялар тарту жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. 2025 жылы келісімшарттардың жұмыс бағдарламаларына сәйкес көмір өнеркәсібіне инвестициялар көлемі 305 млрд теңгені құрады. Ал 2026 жылы салаға инвестиция тарту 553,5 млрд теңге болады деп күтіледі, - деді Ерлан Ақкенженов.







