Энергетика министрі: АИ-92, дизель және газ бағасы 2026 жылдың наурызына дейін өзгермейді

1 570

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ТАССЭнергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, АИ-92 бензині, дизель отыны және сұйытылған газ бағасына жарияланған мораторий 2026 жылдың наурызына дейін күшінде болады. Осы мерзімге дейін аталған әлеуметтік маңызы бар отын түрлерінің бағасы өзгермейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ал АИ-95 және АИ-98 секілді мемлекет реттемейтін жанармай маркалары нарық жағдайына байланысты қымбаттауы мүмкін.

Министр сұйытылған газ өндірісінің экономикалық жағынан тиімсіз екенін атап өтті. Заң бойынша газ бағасын жылына екі рет өзгертуге мүмкіндік болғанымен, Үкіметтің мораторийі бұл реттеуге жол бермейді.

Сонымен қатар мұнай өнімдері мен газ нарығында бағаны еркіндету реформасы жүріп жатқанын жеткізген министр:

«2026 жылдың наурызына дейін күтеміз», – деді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.