"Бүкіл Қазақстанға жететіндей қант шығарамыз" - министр

763

Фото: pixabay.comПремьер-министрдің орынбасары – Қазақстанның сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин нарықтағы қант бағасының 460 теңгеден артық саудаланбайтынын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Әңгіме шамамен 50 миллиард теңге туралы болып отыр. Бізде қызылшадан емес, қант құрағынан 700 мың тонна қант өндіретін төрт зауыт бар", -  деді Серік Жұманғарин.


Ол Қазақстанның қантқа деген сұранысы 530 тоннаны құрайтынын және кәсіпорындардың елді қантпен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жеткілікті екенін еске салды.

Оның есебі бойынша халық 230 мың тонна тұтынса, шырын өндірушілерге осыншама, кондитерлік өнімдер өндірушілерге 80 мың тонна қажет.

"Біз не ұсындық? Біз барлық зауыттармен кездестік, жұмысты ұйымдастырып жатырмыз, олардың есепшотына қаражат түсіреміз және олар бразилиялық қамыс қантының үш айлық көлемін сатып алады. Бұл олар жыл бойы шикізатпен қамтамасыз етіледі деген сөз. Сонымен қатар, олар осылай жүзеге асса, қанттың қымбаттамайтынына кепілдік береді. Яғни, зауыт қантты 460 теңгеден қымбат шығармайды, ал біз бүкіл Қазақстанға жететіндей өнім шығарамыз", деді Серік Жұманғарин.