2026 жылы жәрдемақы, мемлекеттік баж және айыппұлдар қалай өзгереді?

2 575

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңге болып бекітіледі. Бұл әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік баждардан бастап, әкімшілік айыппұлдардың көлеміне дейін әсер етеді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік баж мөлшерлері:

Жеке куәлік — 865 теңге (0,2 АЕК)

36 беттік паспорт — 34 600 теңге (8 АЕК)

48 беттік паспорт — 51 900 теңге (12 АЕК)

16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттік паспорт — 17 300 теңге (4 АЕК)


Бала тууға берілетін біржолғы жәрдемақы:

1–3 бала — 164 350 теңге (38 АЕК)

4 және одан көп бала — 272 475 теңге (63 АЕК)


1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы төлем:

1-бала — 24 912 теңге

2-бала — 29 453 теңге

3-бала — 33 951 теңге

4 және одан көп бала — 38 493 теңге


Көпбалалы отбасыларға төлемдер:

4 бала — 69 330 теңге

5 бала — 86 673 теңге

6 бала — 104 016 теңге

7 бала — 121 360 теңге

8 және одан көп — әр балаға 17 300 теңге


Жас мамандарға көтермеақы — 432 500 теңге (100 АЕК)

Тұрғын үйге арналған бюджеттік несие — 10 812 500 теңге (2 500 АЕК), жылдық мөлшерлеме — 1%.

Әскери қызметшілердің далалық төлемі — тәулігіне 5 190 теңге (1,2 АЕК).


2026 жылы ең жиі салынатын айыппұлдар:

Тоқтау және тұрақ ережелерін бұзу — 21 625–43 250 теңге (5–10 АЕК)

Жылдамдықты +1–40 км/сағ асырғаны үшін — 21 625 теңге (5 АЕК)

Қызыл түсіне өту — 43 250 теңге (10 АЕК)

Тұтас сызықты басу, белгі талаптарын бұзу — 12 975 теңге (3 АЕК)

Техникалық ақауы бар көлікпен жүру — 21 625 теңге (5 АЕК)

Белдік тақпау, шлем кимеу — 21 625 теңге (5 АЕК)

Жаяу жүргіншілер ережесін бұзу — 8 650 теңге (2 АЕК)

Қоғамдық орындарды ластау — 43 250 теңге (10 АЕК)

Алкоголь ішу немесе мас күйінде қоғамдық орынға келу — 21 625 теңге (5 АЕК)


Түнгі уақытта тыныштықты бұзу:

жеке тұлғалар — 21 625 теңге

шағын бизнес — 43 250 теңге

орта бизнес — 64 875 теңге

ірі бизнес — 216 250 теңге

Тыйым салынған жерде темекі шегу — 21 625 теңге (5 АЕК)

Ұсақ бұзақылық — 86 500 теңге (20 АЕК)

2026 жылғы АЕК өсімімен бірге азаматтар үшін әлеуметтік төлемдер ұлғаяды, ал құқық бұзғандар үшін айыппұлдар қымбаттайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.