Премьер-министр күмәнді және тиімсіз жәрдемақыларды жоюды тапсырды

1 468

Фото: primeminister.kzПремьер-министр Олжас Бектенов 1 желтоқсанға дейін барлық өңірлерде әлеуметтік қолдау шараларының бірыңғай стандартын әзірлеуді тапсырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

“Барлық күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алып тастау қажет. Болды. Осы мәселеде нүкте қою керек. Біз әлеуметтік әділеттілікті сақтап, масылдық пиғылды азайту үшін шаралар қабылдаймыз. Үкіметтің міндеті – барлығына бірдей жағдай жасау. Ал азаматтар жұмыс істеп, өзін және өз отбасын асырауға ұмтылуы керек. Мемлекет басшысы дәл осы мәселеге айрықша көңіл бөліп отыр”, – деді Бектенов.

Осыған байланысты премьер цифрландыру министрлігімен бірлесіп, осы жылдың 1 қарашасына дейін Еңбек министрлігі жанындағы Әлеуметтік саланың бірыңғай цифрлық платформасын енгізуді тапсырды.

"Биыл 1 қарашаға дейін әлеуметтік саланың бірыңғай цифрлық платформасы енгізілуі шарт. Ал Әлеуметтік кодексте әлеуметтік аудит тетіктері бекітіледі", – деді ол.