Елімізде көкөніс арзандады - министр

638

Фото. magnum.kzҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде көкөніс бағасы арзандағанын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

«Күзде дәстүрлі түрде баға арзандайды, оның ішінде көкөніс бағасында өзгеріс бар. Соңғы мәліметтер бойынша картоп, сәбіз және пияз бағасы түсті», - деді Е. Қарашөкеев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.


Оның айтуынша, ел аумағында жаппай егін орағы жүріп жатыр. Осы орайда миллион тонна картоп жиналған. Сонымен қатар егіс алқаптарында пияз жинау аяқталып келеді.

«Бағаның өсімі негізінен сауда желілеріне тиесілі болды. Егіс алқаптарында картоптың келісін 120 теңгеден алып кетіп жатыр», - деді министр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.