Ұлттық банк басшысы 10 жыл бойы пәтер жалдап, ипотекаға ақша жинаған

2 596

Фото: Primeminister.kzҰлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотеканың бастапқы жарнасын 10 жыл бойы жинағанын айтты, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Ұлттық банк басшысының "Алғашқы жарнасыз ипотека" петициясына қатысты пікірі сұралды. Петиция авторлары, ипотека бойынша бастапқы жарнаны алып тастауды талап еткен. Өйткені кей қазақстандықтар бастапқы жарнаның жоқтығынан жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға да қатыса алмайды және оларға қаражат жинау қиын.


Сүлейменов алғашқы жарна көпжылдық міндеттемелерді өз мойнына алуға дайын азаматқа жүктелетін міндет екенін айтты. Сондай-ақ ол үй сатып алудағы жеке тәжірибесін бөлісті.


Қазақстанда ипотеканың бастапқы жарнасын алып тастау туралы петиция жарияланды: Қаржы сарапшылары қол жинауға қарсы шықты

Премьер-министр "Бақытты отбасы", "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны алып тастау туралы ұсынысқа жауап берді

"Мен де жас кезімде 10 жыл бойы пәтер жалдап, ипотеканың бастапқы жарнасына ақша жинадым”, – деді Сүлейменов.


Журналистер Ұлттық банк төрағасына: "Жастар табысының бір бөлігін пәтер жалдауға, қалғанын тамаққа жұмсайтын болса, бастапқы жарнаны жинау мүмкін деген шындыққа сәйкес келе ме?" деген сұрақ қойды.


Ұлттық банк басшысы ипотеканың банктік өнім екенін және банк бастапқы жарнасыз несие бергісі келсе, бұл оның барлық тәуекелдерді таразыға алғанын және оны азаматтарға ұсына алатынын айтты. 


Сүлейменов ипотека нарығын қатаң түрде реттеу мүмкін емес екенін жеткізді. Өйткені бұл тұрғын үй несиелерінің толық жойылып кетуіне әкелуі мүмкін дейді.