Биыл елімізде 138 мың тұрғын үй салу жоспарлануда - министр
513
Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, биыл Қазақстанда 15,1 млн шаршы метр немесе 138 мың тұрғын үй салу жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдерді іске асыру туралы айтып берді.
Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 103,4%-ға және тұрғын үй құрылысына инвестициялар 122,8%-ға орындалды. Алайда Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішінің төмендегені байқалады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі жалпы республикалық көрсеткішке қол жеткізу үшін өңірлерге тиісті жоспарлар жеткізіліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін әкімдіктер нақты нысандар мен оларды іске асыру мерзімдері көрсетілген жол карталарын бекіткенін атап өтті.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жеке құрылысты дамыту үшін 2021-2025 жылдарға азаматтарға жеке тұрғын үй салу үшін берілетін 235 мың жер учаскесін инженерлік коммуникациялармен қамту жоспарланған. Оның ішінде, облыс орталықтарында, шағын қалаларда 125 мың жер учаскесі және ауылдық жерлерде 110 мың жер учаскесі көзделген.
Әкімдіктердің деректеріне сай, бүгінде тұрғын үйге мұқтаж 613 мыңнан астам азамат кезекте тұр, олардың 222 мыңы – әлеуметтік осал санаттағы азаматтар. 70 мың адамның табысы бірінші ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, 51 мыңы – көп балалы отбасылар, 2 мыңы – жетім балалар, 10 мыңы – 1 және 2-топтағы мүгедектер және 7 мыңы – мүгедек баласы бар отбасылар. Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жеке тұрғын үй қорында тұрғын үйді жалға алғаны үшін тұрғын үй төлемдерінің тетігі әзірленді, тиісті қағидалар дайындалып, Отбасы банкі базасында цифрлық платформа іске қосылды. Бүгінде 25 мыңнан астам өтінім қабылданып, олардың 6 мыңға жуығы мақұлданды.

«Жүргізіліп жатқан тұрғын үй саясаты аясында 7 мыңнан астам азамат сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Өңірлерде кезекте тұрғандар үшін Отбасы банкінің несиелік бағдарламалары арқылы сатылатын 9,8 мың пәтер салынып жатыр. Бұдан басқа, Бақытты отбасы бағдарламасы бойынша жеңілдетілген қарыздар түріндегі мемлекеттік қолдау шараларымен кезекте тұрған 5 мыңнан астам адам мен жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алғаны үшін тұрғын үй төлемдерін субсидиялаумен кезекте тұрған 70 мыңға жуық адамды қамтуды жоспарлап отырмыз», — деді Қ. Өскенбаев.
Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 103,4%-ға және тұрғын үй құрылысына инвестициялар 122,8%-ға орындалды. Алайда Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішінің төмендегені байқалады.
«Аталған облыстарда әкімдіктердің тұрғын үй нысандарындағы құрылыс жұмыстарын жандандыруы қажеттігін атап өтемін», — деді Қ. Өскенбаев.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі жалпы республикалық көрсеткішке қол жеткізу үшін өңірлерге тиісті жоспарлар жеткізіліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін әкімдіктер нақты нысандар мен оларды іске асыру мерзімдері көрсетілген жол карталарын бекіткенін атап өтті.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жеке құрылысты дамыту үшін 2021-2025 жылдарға азаматтарға жеке тұрғын үй салу үшін берілетін 235 мың жер учаскесін инженерлік коммуникациялармен қамту жоспарланған. Оның ішінде, облыс орталықтарында, шағын қалаларда 125 мың жер учаскесі және ауылдық жерлерде 110 мың жер учаскесі көзделген.
«Биыл 50 257 жер учаскелерін инженерлік коммуникациялармен қамту бойынша 180 жоба іске асырылып жатыр. Инфрақұрылыммен қамтылатын жер учаскелерінің ең көп саны Түркістан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында орналасқан», — деді Қайырбек Өскенбаев.