Биыл 12 млн тонна астық экспортталады
Қазір елде орақ науқаны аяқталуға жақын. Егіннің 98% жиналып, 25,5 миллион тонна астық қамбаға құйылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Орташа өнімділік гектарынан 15,6 центнерден айналып жатыр. Бірақ кей өңірлерде ауа райына байланысты егін орағы тағы да тұралап қалды. Артём Любимов үшін орақ науқанын ойдағыдай аяқтау оңайға түспеді. Жаңбыр кедергі болды. Соған қарамастан шаруа бір гектарынан 25 центнер өнім алды. Оның басым бөлігі дымқыл. Қазір су астында қалған бидайды кептіріп жатыр.
Бидай бітік шыққанымен, сапасы төмен. Ол бағаға да әсер етеді. Биыл өңірде астық мол жиналғасын қамбаның бәрі толып тұр. Енді шаруа өнімін өткізе алмай әлек.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы белгілеген баға тек форвардтық несие алған шаруаларға ғана қатысты. Ал нарықтағы баға мүлдем бөлек. Сондықтан шаруалар Үкіметтен көмек сұрауға мәжбүр.
Елдегі егіннің шығымдылығы экспортқа да айтарылықтай әсер етеді. Жалпы биыл 12 млн тонна астықты экспортқа жіберу жоспарланған.
Ақмолалық шаруалар өткен аптадан бері жұмысқа кірісе алмай әлек. Қазір аймақтағы астықтың 98% жиналып, 6 миллион тоннадан астам бидай қамбаға құйылды.