Қазақстанда қозғалтқыш көлемі аз көліктер салықтан босатылмақ

1 641

Елдегі жанармай бағасының көтерілуіне байланысты қозғалтқыш көлемі аз көліктер салықтан босатылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұлттық экономика министрлігі жариялаған жаңа Салық саясатының консультативтік құжатында жүргізушілерді қолдау шарасы жазылды.


«Ол әсіресе «эконом» класты көлігі бар адамдар үшін айтарлықтай сезіледі. Сәйкесінше олардың әлеуметтік және материалдық жағдайының нашарлауына жол бермеу шаралары қажет. Осыған байланысты қозғалтқыш көлемі үлкен автомобильдерге салынатын салықты сақтай отырып, қозғалтқыш көлемі аз көлік құралдарына салынатын салықты жою ұсынылады», - деп Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің консультативтік құжатында ұсыныс жазған.


Аталған шаралар 2024 жылдың қазан айында жаңа Салық кодексін қабылдау кезінде ескеріледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.