Қазақстан Ұлыбританияға дәнді дақылдар мен ет экспортын ұлғайтады
Қазақстан мен Ұлыбритания ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін министр Айдарбек Сапаров Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Личпен кездесуде талқылады.
Министр АӨК саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың және елдер арасындағы тауар айналымының көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар Ұлыбританияға сүт және ет өнімдерін, оның ішінде жылқы өнімдерін жеткізуге қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды келісу мәселелерін талқылады.
Қазақстандық тарап сонымен қатар аграрлық ғылым саласында, атап айтқанда қой және жылқы шаруашылығында селекциялық-генетикалық жұмыс, технологиялар трансферті және мамандардың біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар құру бойынша инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру ниеті бар.
Кездесу қорытындысы бойынша Жол картасына қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, ол инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты мерзімдерін, кезеңдерін және ауыл шаруашылығы саласындағы елдер арасындағы тауар айналымын ұлғайту жөніндегі шараларды айқындайды.