Бүгін - ҚР Ұлттық валютасына 30 жыл толды

2 507

Ұлттық банк 15 қарашадан бастап номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ҚР Ұлттық банкі теңгенің 30 жылдығына орай жаңа мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарды.


Банкнотада 19 қорғаныш элементі бар. Монета бейнеленген дизайнда негізгі голографиялық элемент – теңгенің «₸» белгісі қолданылған. Банкнотаның екі жағында да шексіз қозғалыстың символы – «Мёбиус лентасы» бар.


Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 30 жылдығына орай 2023 жылғы 15 қарашадан бастап номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады.


Номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті, делінген хабарламада.


Банкнотаның алдыңғы бетінде қазақы ою-өрнекпен дәстүрлі стильде безендірілген Қазақстан картасы аймақтарымен бейнеленген. Банкнотаның екінші бетінде картадағы Еуразия құрлығының жалпы контуры сызылған. Онда 5 мм магнитті қорғаныш жіп пен «₸» белгісі түріндегі Спарк элементі бар.


Айта кетейік, 1993 жылы 15 қарашада кеңестік рубльдің орнына алғашқы қазақстандық теңге айналымға енді.