Елімізде Альфа-Банктың атауы өзгерді
657
"Банк ЦентрКредит" АҚ басқарма төрағасы Ғалым Құсайынов: Альфа-Банкті сатып алу жұмыстарының сәтті аяқталғанын айтты , - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Тәртіп бойынша банктің атауы өзгергеннен кейін оны ресми түрде тіркеу керек.
"Қайта тіркеу рәсімдерінен кейін банк жаңа брендпен ECO BANK болып жұмыс істейді. Толық атауы - "ECO BANK" еншілес банкі" АҚ-сы", - делінген ресми мәлімдемеде.
Банктің бұрынғы қызметтері өзгермейді. Ал оны SDN тізімінен шығарғаннан кейін клиенттерге банк қызметтерінің толық кешені қолжетімді болады.







