Мемлекеттік бюджет кірісінің 71 пайызы салықтан түседі

577

Мемлекеттік бюджет кірісінің 71 пайызы салықтан түскен, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі

Бюджеттің кіріс бөлігі биыл былтырғыдан 35 пайыз жоғары болған. Кірістің негізгі бөлігі әдеттегідей салықтан түсіп отыр - 71%.

«Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша еліміздің мемлекеттік бюджетіне 11,4 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,4% артық.

Салыстырсақ, былтырғы жеті айда мемлекеттік бюджеттің кірісі 8,4 трлн теңге болып, бір жылда 4,6% өсті.

Табыстың көп бөлігі әдеттегідей салық түсімдерінен алынды – 70,8%. Яғни, жеті айда салықтардан 8,1 трлн теңге алынған. Бұл былтырғыдан 46,2% артық. Оның ішінде табыс салығының түсімдері 3,1 трлн теңге, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің ішкі салықтары 2,9 трлн теңге, халықаралық сауда және сыртқы операциялардың салықтары 1,2 трлн теңге, әлеуметтік салық 567,7 млрд теңге, меншік салығы 254,5 млрд теңге болған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.