Қазақстанның 23 кен орнын саудаға салатын аукцион өтеді

2 536

gov.kzҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры бар 23 кен орны бойынша аукцион өткізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Осыған байланысты жер қойнауын пайдалану департаментінің қызметкерлері әр сәрсенбі мен жұма сайын сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайында Transport Тower ғимаратының бірінші қабатындағы инвесторларға арналған кабинетте аукцион өткізу шарттары бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді. 


Өтінімді d.otkulbaeva@mail.kz электронды поштасына байланыс деректерін қоса отырып қалдыруға болады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.