Қор нарығында доллар 1,32 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,32 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 443,37 теңге.
Ұлттық банктің ресми бағамы — 1 долларға 442,05 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,74 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 443,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 444,7 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 442 теңге, сатып алу құны — 447 теңге.
Ресей рублі 4,69 — 4,79 теңге аралығында саудаланып жатыр.