Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» атты көрме өтті

1 837

Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Үздік тауар иесін анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы, Өңірлік кеңес мүшелері, байқау сарапшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Облыс әкімінің орынбасары павильондарды аралап, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты.


Байқаудың комиссия мүшелері  үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Бұл жолы 9 кәсіпорынның тауары үздік деп танылды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен телевизордың сертификаты табыс етілді. Бұған қоса, олар елорда төріндегі сапалы өнімдер сайысына қатысатын болады.   


"Бүгінгі ұйымдастырылып жатқан көрменің мақсаты - жергілікті өндірушілерді қолдау. Оларды тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру. Отандық брендтерді ілгерілету және елдегі өндірісті дамыту. Айта кетейін, өткен жылы аталған байқаудың республикалық кезеңінде «Асыл Дән LTD» серіктестігі  «Ұлы Дала» бірыңғай брендін жеңіп алды. Биыл да аймақ кәсіпкерлері көшбасшылар қатарынан көрінетініне сенемін", - деді облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы. 


Сондай-ақ биыл өңірде алғаш рет «Бір ауыл-бір өнім» жобасы  бастау алған болатын. Осы бағдарлама аясында 23 кәсіпкер өтінім беріп, бүгінгі көрмеде өнімдерін көпшілікке таныстырды.