АЭС: Қазақстан АҚШ технологиясынан бас тартты

283

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан атом электр станциясын салу үшін АҚШ технологиясын қолданбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Pixabay


Әзірше қандай да бір технологияны таңдап алған жоқпыз. Өткен жылы Түркия, Франция, Оңтүстік Кореяға барып көрдік, Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарладық,— дейді министр.


Болат Ақшолақов Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін АҚШ технологиясы пайдаланылмайтынын айтты / primeminister.kz


Ол енді мажарлардың нысандарын аралап көрмекші. Барлық станция әртүрлі технологиямен салынған деп отыр. Мысалы, Түркияда — ресейлік "Росатом" технологиясы бойынша тұрғызылған. Алдағы уақытта аталған елдердегі технологиялардың барлық оң және теріс жақтарын саралау қажет.


Әзірге бір нәрсені айта аламыз. АҚШ ұсынған технологияны бұдан әрі қарастырмауға шешім қабылдадық. Себебі онда референтті блок жоқ. Бірақ мүлдем байланысты үзбейміз. Тек басқа жобалар шеңберінде жұмыс істейтін шығармыз,— дейді Болат Ақшолақов.


Министр АЭС салынатын құрылыс алаңын айқындап қойғандарын айтты. Ол — Алматы облысындағы Үлкен елді мекені.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.