Жаңа автонесие бойынша құны 10 млн теңгеден қымбат көлікті де алуға болады

444

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев 4 пайыздық автонесиеге қандай көлік алуға болатынын түсіндірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Оның айтуынша, көлік бағасы 10 миллион теңгеден асса да, несие рәсімдеуге болады.

"Біз 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие енгіздік. Осыдан кейін "бұл кредит көліктердің тек белгілі бір модельдеріне беріледі, себебі олардың бағасы 10 миллион теңгеден аспауы керек" деген фейк ақпарат тарай бастады. 10 миллион теңге деген көліктің бағасы емес, бұл бағдарлама бойынша берілетін кредиттің сомасы. Яғни алып жатқан көлігіңіз 10 миллион теңгеге дейін болса, емін-еркін ала бересіз. Ал 10 миллион теңгеден асса, артық ақшаны өз қалтаңыздан төлейсіз",деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, осылайша 4 пайыздық жеңілдетілген автокредит қымбат көліктерді қоспағанда, барлық модельге беріледі.

Автокредит барлық көлікке беріледі, дегенмен ең қымбат модельдер бар. Мысалы Hyundai Palisade сияқты көліктерге мұндай жеңілдетілген кредит берілмейді. Мұндай 25 миллион теңгенің көлігін жағдайы бар кісілер өз ақшасына алсын,— деп атап өтті вице-министр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.