Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру

88

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгеріс енгізілді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидасының сыйықы мөлшерлемелерінің субсидиялау нормативі өзгерді.

Жаңадан қабылданған Қағиданың 4-тармағына сәйкес субсидиялау мынадай қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:

1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған;

2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналған;

3) көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған.

Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1), 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген қарыз шарттары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) пайыздың (бұдан әрі – %) теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады.

Ұсынысты қарастыру кезінде қарыз шарты жасалып жатқан сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі қолданылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1), 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген және 2022 жылғы 25 қаңтардан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын төлейді, мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) % және қарыз алушының теңгемен төлеген              6 (алты) % сомасы арасындағы айырманың нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі субсидияланады.

Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген және 2022 жылғы 25 қаңтарға дейін жасалған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан аспайтын қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету көзделеді:

1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған сыйақы мөлшерлемелерін төмендетуді көздейтін мынадай нормативтер бойынша:

теңгемен жылдық 10 (он) пайызға (бұдан әрі – %);

2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға сыйақы мөлшерлемелерін төмендету көзделеді:

теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға;

3) көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету көзделеді:

теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға.

2021 жылғы 4 желтоқсанға дейін жасалған қолданыстағы субсидиялау шарттары бойынша ресей рублімен және өзге валютамен берілген қарыз шарттары шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін ресей рублімен жылдық 4 (төрт) %-дан, өзге валютамен жылдық 3 (үш) %-дан төмендетуге жол берілмейді.