Кредит кешіріліп жатқаны рас па? Мәжіліс депутаты ресми жауап берді
Әлеуметтік желілерде несиенің кешірілетініне қатысты ақпарат таралып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
Қазіргі таңда елімізде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста.
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та тіпті кейбір азаматтар “өтініш жазып беремін” деп қызметтеріне қосымша ақы сұрап жатқанын айтты.
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын сала кетейік.







