Қазақстандықтардың депозиттері қорғауға алынды

536
Қазақстандық банктердегі депозиттік шоттардың 99,8%-ы толық көлемде кепілдікпен қорғалған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«2022 жылы қаңтарда теңгелік жинақ салымдар бойынша кепілдік берілген максималды өтем сомасы 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ бір банкте жинақ салымынан басқа депозиттердің немесе шетел валютасында депозитінің басқа түрі бар салымшыларға өтемақының жалпы сомасы 20 млн теңгеге дейін көбейтілді. Теңгелік депозиттердің анағұрлым икемді түрлері, атап айтқанда, мерзімді және мерзімсіз салымдар, ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларындағы ақшалар, сондай-ақ шартты салымдар мен талап етілмелі салымдар бойынша 10 млн теңгеге дейін кепілдік берілген»,- деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі


Шетел валютасындағы депозиттердің кез келген түрі бойынша кепілдік берілген максималды өтем сомасы – валюта баламасында 5 млн теңге. Бірнеше банкте орналасқан депозиттер жеке-жеке кепілдендіріледі. Бір банкте депозиттердің бірнеше түрі мен валютасы бар, соның ішінде теңгедегі жинақ салымы бар ірі салымшылар үшін Қордың жалпы ең жоғары кепілдігі (депозиттің әрбір түрі үшін жеке белгіленген кепілдік өтемақының ең жоғары мөлшері шегінде) 20 млн теңге»,- делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта екі ислам банкін есептемегенде, еліміздің депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қазақстандық екінші деңгейлі 20 банк кіреді.