Қазақстанда «жалақыға дейін» деп берілетін несиеге тыйым салынады
Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 21 жасқа толмаған азаматтарға ресми кірісі болған жағдайда ғана несие беруді ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар "жалақыға дейін" деп берілетін шағын несиелерді толығымен алып тастау ұсынылды. "Агенттік 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушы несиесін беруге тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулерді әзірледі.
Қазір мұндай шектеу тек кірісі ең төменгі деңгейдегілерге қатысты. Сонымен қатар жастар арасындағы проблемалы қарыздың өсуі аясында 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беру олардың ресми кірісі болған жағдайда ғана жүзеге асады деген талапты енгізу ұсынылады"
Ол сонымен қатар онлайн микронесие сегментінің шамадан тыс өсуін шектеу қажет екенін айтты.
"297 мың адамның 37 миллиард теңге көлемінде проблемалы онлайн шағын несиесі бар. Мұндай онлайн шағын несиелер немесе "Жалақыға дейін" деп аталатын несиелер қашықтан беріледі. Көбіне қарыз алушының жеке басын сәйкестендірмей және оның төлем қабілетін тексермей-ақ беріледі", - деді Мәдина Әбілқасымова.
Қазақстанда 254 микроқаржы ұйымының 50-і несиені онлайн береді.
Осыған байланысты департамент 45 күнге дейінгі мерзімге және 50 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі шағын несиенің ерекше түрін толығымен алып тастауды ұсынып отыр. Оның айтуынша, онлайн несие беру компаниялары жұмысын жалғастыра алады, бірақ барлық микрокредит ұйымдары үшін белгіленген бірыңғай мөлшерлеме бойынша кез келген мерзімге шағын несие береді.
Бұған дейін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова тұтынушы несиесінің шекті сомасына шектеу енгізуді ұсынған еді.