«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
1 153
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бағдарламаның мақсаты — орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифландыру:
2. Көлікті және логистиканы цифрландыру.
3. Ауыл шаруашылығын цифрландыру.
4. Электрондық сауданы дамыту.
5. Қаржы технологияларын және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту.
6. Мемлекет – азаматтарға.
7. Мемлекет – бизнеске.
8. Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру.
9. "Ақылды" қалалар.
10. Байланыс желілерін және АКТ инфрақұрылымын кеңейту.
11. АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
12. Орта, техникалық, кәсіби, жоғары білім беруде цифрлық сауаттылықты арттыру.
13. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау).
14. Инновациялық даму алаңдарын қолдау.
15. Технологиялық кәсіпкерлікті, стартап мәдениетті және ҒЗТКЖ-ны дамыту.
16. "Венчурлік" қаржыландыруды тарту.
17. Инновацияға сұраныс қалыптастыру.
Іске асыру мерзімдері — 2018-2022 жылдар
Бағдарламаның басты мақсаты - цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру. Жобаны жүзеге асыру екі жолмен жасалады деп жоспарлануда. Олар: орташа мерзімді келешекте «Қазіргі экономиканы цифрландыру» және ұзақ мерзімді келешекте «Болашақтың цифрлық индустриясын құру». Бағдарлама аясында жоспарланған 120 іс-шара цифрлік саланың экономиканың жаңа саласы ретінде іргетасын қалап, басты бес бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. Олар: «Экономика салаларын цифрландыру», «Цифрлық мемлекетке көшу», «Цифрлық жібек жолын іске асыру», «Адами капиталды дамыту», «Инновациялық экожүйені құру». Бағдарлама аясындағы іс-шаралар нәтижесінде экономика салаларындағы еңбек көрсеткіштерінің өсімінен бөлек, 2022 жылға дейін электрондық сауда-саттықты жалпы сауда-саттық көлемінің 2,6% дейін өсіру, цифрландыру арқасында 300 000 жаңа жұмыс орындарын ашу, интернет желісін пайдаланушылар үлесін 82% дейін, ал халықтың цифрлық білімділігін 83% арттыру жоспарлануда. «Цифрлық Қазақстан» адам өмірінің барлық салаларын қамти отырып, мемлекетіміздің әрбір тұрғынының өмір деңгейін жоғарылатуды көздегендіктен бағдарлама пайдасын халық, кәсіпкерлік субьектілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары көреді. Алдын-ала белгілі болған есептеу бойынша 2025 жылға қарай экономиканы цифрландырудан болатын тікелей әсер 1,7 - 2,2 трлн теңге көлемінде қосымша баға жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламаны жүзеге асыру мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында алға қойған бәсекелестігі жоғары 30 мемлекет қатарына 2050 жылға қарай енуіне жол ашатын басты фактор болуы мүмкін.