Елімізде газбен жүретін көліктер қатары көбеюде

321
Энергетика Вице-министрі  Қазақстанда газбен жүретін автомобильдер саны өскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz  тілшісі.

"Сұйытылған газ өндіру жылына 3,2 миллион тоннаны құрайды. Оның бір жарым миллионы экспортқа шығарылады. Бұл ретте министрлік сұйытылған газды тұтынуға талдау жасады. Біз автокөліктер санының жыл сайын айтарлықтай өсетінін көріп отырмыз. 2019 жылы автокөліктер саны 139 мың, 2019-2021 жылдары ол шамамен 313 мыңға, яғни  2,5 есеге өскен. Бұл сұйытылған газ бағасының бензинге қарағанда екі-үш есе арзан болуымен байланысты болуы мүмкін", - деді Әсет Мағауов ОКҚ брифингінде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.