QR-мен төлем жасау Қазақстандағы ең танымал есеп айырысу түріне айналды

2 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pexels.comҚазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы QR-кодпен төлем жасау алғаш рет POS-терминал арқылы есеп айырысу көлемінен артқанын мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Нақты мәнде QR-төлем көлемі 7,3 трлн теңге, ал POS-терминал арқылы төлем 7,2 трлн теңге болды. Сарапшылардың пайымынша, мұндай үрдіс QR-код арқылы төлем жасаудың қарапайымдылығы, қолайлығы және үнемділігі үшін жалғаса береді. Дегенмен, 2024 жылыдң 1 шілдесіндегі дерекке сәйкес, қазақстандықтардың қолында әлі де 78,1 млн дана төлем картасы болуы ықтимал.


«Ең көп таралғаны дебет картасы (80 пайыз), кредит картасының үлесі 16 пайыз болса, қалған 4 пайызы –кредиттік лимиті және алдын ала төлемі бар дебет картасы. Осылайша, халықтың жан басына 3,1 дебет картасынан (бір жыл бұрын 2,8) және 0,6 кредит картасынан келеді», - делінген қауымдастық есебінде.


Естеріңізге сала кетейік, барлық банк үшін бірыңғай QR-код ұлттық жүйесін 2025 жылы іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде ел тұрғындары кез келген банк қосымшасымен кез келген QR-код арқылы төлем жасай алатын болады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.