Ақша айырбастау орындарында доллар мен еуро қанша теңгеден саудаланып жатыр

2 164

Фото: Александр Павский / KazinformАстана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 — 523 теңгеден саудаланып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің 1 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 519,64 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,62 теңге. Еуро — 609,23

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —519 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 606 сату құны — 610.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 604 теңгеден сатып алынып, 611 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,49— 6,60 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 30 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,69 теңгеге төмендеп, 519,64 теңге болған. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.