АҚШ пен Қазақстан арасында тікелей әуе рейсі ашыла ма

346

Фото: pixabay.comҚазақстандағы Америка Құрама Штаттарының елшісі Уильям Мозер АҚШ пен Қазақстан арасында тікелей әуе рейстерін ашу жөнінде пікір білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстерін ашу қажеттігін айтқан болатын. 

Уильям Мозер коронавирус пандемия салдарынан бөгелу болғанын мойындайтынын ашып айтты.
 "Бұл процесс пандемиядан кейін жалғасады. Себебі Қазақстанда тікелей рейстер ашуға қойылатын нақты стандарттар бар. Олардың қатарында – жақсы визалық режим және қауіпсіздік стандарттары бар", - деді
Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының елшісі. 

Оның сөзінше, тікелей әуе рейсін орнату бойынша стандарттарды жетілдіру үшін Вашингтоннан сарапшылар келуі тиіс. 

Айта кетейік, 26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады.

Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес, 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылған. Қысқартылған рейстердің кестесі: 20 сәуірдегі жағдай бойынша, екі ел арасында 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады.

Нұр-Сұлтан – Стамбул, 2 рейс;
 
Нұр-Сұлтан – Анталя, 1 рейс;                                                              

Алматы – Стамбул, 7 рейс;

Алматы – Анталя, 5 рейс;

Түркістан – Стамбул, 2 рейс Ақтау – Стамбул, 1 рейс;

Шымкент – Стамбул, 2 рейс. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.