Референдум өткізуге жұмсалатын қаржы көлемі белгілі болды

2 509

Фото: Gov.kzЖаңа Конституцияны қабылдауға қатысты референдумға 20,8 миллиард теңге бөлінетін болды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Референдум жөніндегі орталық комиссия аумақтық комиссиялардан түскен өтінімдер негізінде шығындардың алдын ала сметасын жариялаған. 

Сенат депутаты Михаил Бортниктің айтуынша, әзірленген смета қазір Қаржы министрлігінде қаралып, талданып жатыр. Оның сөзінше, түпкілікті нәтиже жақын арада белгілі болады.

“Дәл қазір отырысымызға Қаржы министрлігінен келдім. Алдағы бірнеше сағаттың ішінде алдағы референдумды өткізуге кететін шығынды нақты айқындайтын сома белгілі болады. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі 20,8 миллиард теңге болды. Айта кетейін, бұл қаражат 2026 жылға арналған бекітілген бюджетте қарастырылмаған. Ол Үкіметтің резервінен бөлінеді. Аталған соманың 75%-ы учаскелік комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге бағытталады. Түпкілікті әрі нақтыланған сома Үкіметтің шешімімен белгіленеді. Оны жақын уақытта қабылдауға тырысамыз”, – деді Бортник.