Қазақстанда екінші АЭС салу қарастырылуда
Қазақстанда Курчатов ауданындағы Ертіс өзенінде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі талқылануда. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр атап өткендей, елімізде АЭС орналастыру үшін перспективалы алаңдар – Балқаш көлі мен Ертіс өзені.
Бұған дейін, ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов еліміздегі бірінші атом электр станциясын салу үшін Алматы облысындағы Үлкен елді мекені таңдап алынғанын айтқан болатын.
Қаз
Рус






