2024 жылы Қазақстанда қанша тонна мұнай өндіріледі?

2 569

Фото: ашық дерек көзіЭнергетика вице-министрі Асхат Хасенов 2024 жылы елімізде қанша тонна мұнай өндірілетінін айтты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Биыл біз 95 млн тонна мұнай өндірімез деп жоспарладық. Алайда жоспардан тыс кідіріс болды. Бүгінде 90 млн тонна мұнай өндіреміз деп отырмыз. 2024 жылы да 90 млн тонна мұнай өндіруді көздейміз. Дәстүрлі түрде 90 млн тонна мұнайдың шамамен 73-75 млн тоннасын экспортқа шығарамыз. Ішкі нарыққа 17-18 млн тонна мұнайды алып қаламыз», - деді Асхат Хасенов Сенаттың жалпы отырысынан соң.