Қызылорда облысында туризм кластерін дамыту бағыттары

339

Қызылорда облысының туризм саласы қарқынды дамуда,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Туризм саласының аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына 2022жылы облыстық бюджеттен 2812,0 мың теңге бөлініп, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Жоспарға сәйкес бұл қаржы облыстың туристік мүмкіндіктерін бейнелейтін ақпараттық-жарнамалық материалдарды дайындауға, Алматы және Астана қалаларындағы ІІ қазақстандық халықаралық жәрмеңкелерге қатысуға және «Менің Отаным — Қазақстан» туристік экспедициясының (жорығының) облыстық кезеңін өткізуге жұмсалады.

Облыста туризмді дамыту мақсатында бірқатар ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді. 2009 жылғы 15-17 мамыр аралығында өткен «Менің Отаным — Қазақстан» «Туризм – нашақорлыққа қарсы» экспедициясының (слет) облыстық кезеңі Жаңақорған ауданы Бірлік ауылдық округі «Қатынқамал» шатқалы маңайында БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізілген болатын.

«Даймонд-Групп» ЖШС-і өз инвестициялары есебінен Қармақшы аудынының орталығында қонақ үйдің құрылысын аяқтап, Байқоңыр қаласында «Космическая гавань» атты жобаның құрылысын жүргізуге инвесторлар тарту жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, «Торжымбай-Төрке» ЖШС-і Арал ауданы Қамбаш көлі маңайында «Юрточный отель» туристік кешенін құру жөнінде инвестициялық жобасын әзірледі, жоба ҚР Туризм және спорт министрлігінің басымды туристік жобалардың тізіміне енгізу үшін жолданды. Аталған жобаның авторы, Арал ауданындағы Қамыстыбас ауылының тұрғыны А. Исаев, жазғы маусымдакөл маңына 3 үй тігіп жұмыс жүргізді, сонымен қатар 3 ауыл тұрғыны туристерге киіз үй тігіп жеке қызмет көрсетті. Осы инвестициялық жобаларды аумақтық индустриялық картаға енгізуге Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы арқылы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігіне ұсыныс жолданды.

2009 жылдың есептік кезеңінде 2 туристік фирмалармен ішкі туризм2008 жылғы 479 адамнан 4,3 %-ға кеміген, немесе 468 адамды құраса, сыртқа шығу туризмі 2008 жылмен салыстырғанда (154 адам) 53%-ке кеміген немесе 82 адамды құрап отыр. Туризм түрлерінен жалпы қызмет көрсетілгендер саны 2008 жылы 633 адамды құраса, бұл көрсеткіш 2009 жылы 600 адамды құрап, немесе 5,2 %-ға кеміген, 2008 жылы туристік фирмалармен 69766254 мың, 2009 жылы 67875 519 мың теңгеге туристік қызмет көрсетілген. Туризм саласын дамытуға, оның ішінде Арал ауданы Қамбаш көлінің жағасынан демалыс аймағын салудың жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 13769,6 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020», «Киіз үй отелі» ұсынушы «Торжымбай Төрке» ЖШС-і және «Ғарыш айлағы» атты мега-кешен ұсынушы «Даймонд-Групп» ЖШС-і салу жобасы ұсынылды. «Дорстрой» ЖШС-і Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалдық кешенінің бойында зиярат орталығын салуға өз ұсынысын білдіріп отыр. Жобаның авторы самарқандық сәулетші – Нигмат Садиков. Ұсынылған 3 жобаның ішінде шығыстық стильде салынатын бұл құрылыс объектісі жеңіп алды, ал құрылыстың басты шығынын Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан кәсіпорын өтейді. «Дорстрой» ЖШС-нің директоры Мұрат Тілеулиев облыс әкіміне 20 орындық қонақ үйдің, 140 адамға арналған мешіт, түстік ас ішетін орын, сувенир дүкені, қолөнер шеберлерінің шеберханасы, киіз үй қалашығы жобаларының макетін ұсынды. Жобаның құны – 1,5 млн доллар. Құрылысты бастау үшін ең бастысы осы маңға электр энергиясын жеткізу болып табылады, сондықтан жергілікті жердің атқарар қызметі әлі де зор, өйткені бұл кешен Қамбаш көліндегі демалу кешенімен үндес. Осы жүргізіліп жатқан автомагистраль арқылы Қорқыт ата, Қамбаш, Көкарал бағытынды туристік маршрут ұйымдастыруға қолайлы екендігін де айта кетті.

1 кесте – «Саяхат» және «Ника-тур» туристік фирмаларының 2009 жылдағы жұмыс қорытындылары

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

«Саяхат» туристік фирмасы

«Ника-тур» туристік фирмасы

1

Туристік қызметтер көлемі

Млн. Теңге

34000000

33323723

2

Келу туризмі

Адам

50

3

Шығу туризмі

Адам

40

50

4

Ішкі туризм

Адам

300

238

Дерек көзі: Қызылорда облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасымәліметтері негізінде

2007-2009 жылдары өңірде туристік саланың дамуын талдау. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың екі жылдық қорытындысы бойынша туризмнің барлық түрінен көрсеткішінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Айталық, есептік 2008 жыл кезеңінде ішкі туризм 2007 жылғы 23043 адамнан 13,17%-ға өсіп , 26,1 адамды құрады. Сыртқа шығу туризмі 2007 жылмен салыстырғанда (2250) 10,27 %-ға кеміп 2008 жылы 2019 адамды құрады. Туризм түрлерінен келушілер саны өткен жылғы 25,4 мың адамммен салыстырғанда 28,3 адам, немесе 11,21%-ды құрады. 2008 жылы туристік фирмалармен 44,8 млн теңгеге туристік қызмет көрсетілді. Барлық көрсетілген қызмет көлемі 39,067%-ға артып, 2008 жылы 430,7 теңгені құрады. Егер 2006 жылы облыста 2 туристік фирмалар — олар Байқоңыр қаласындағы РҚК «Инфракос» және «Саяхат» ЖШС жұмыс жасаса, ал 2009 жылы 3 туристік фирма, «Саяхат» ЖШС, «Ника-Тур» ЖШС (2007 жыл), «Мурас Саяхаты» ЖШС (2008 жыл) жұмыс жасады.

Өңірімізде қазіргі таңда белсенді жұмыс жасап отырған «Саяхат» және «Ника-тур» туристік фирмалары бойынша 2009 жылдағы жұмыс қорытындылары төмендегі кестеде бейнеленген (1 кесте).

2 кесте – Қызылорда облысы бойынша туристік қызмет көрсету мәліметтері

 

2007ж.

2008ж.

2009ж. (қаңтар-қыркүйек)

2008/2007 ауытқуы, %

2009ж.(Қаңт-қырк.)/2008 ж. ауытқуы,%

Туристік қызметтер көлемі,

мың теңге

309735,6

430739,7

302802,6

39

-29.7

Қызмет көрсетілген туристер, адам саны

25 418

28267

19554

11.2

-30.8

Cоның ішінде:

Келу туризмі

2250

2019

1319

-10.3

-34.7

Шығу туризмі

125

169

79

35.2

-53.2

Ішкі туризм

23043

26079

18156

13.2

-30.4

Дерек көзі: Қызылорда облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

Облыс бойынша туристік фирмалар мен заңды және жеке тұлғалардың орналастыру объектілерінің (қонақ үйлер) көрсеткіштерінің мәліметтері бойынша соңғы 3 жыл қорытындысы келесі кестеде бейнеленген (2 кесте).

2 кесте мәліметтері бойынша 2008 жылы туристік қызметтер көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 39%-ға артса, 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 29,7%-ға кеміген. Қызмет көрсетілген туристер саны да 2008 жылы өткен жылмен салыстырғанда 11,2%-ға артып, 2009 жылдың 3 тоқсанында өтке жылмен салыстырғанда 30,8%-ға азайған. Соның ішінде келу туризмі бойынша 2008 жылы және 2009 жылдың 3 тоқсанында өткен жылдармен салыстырғанда азаю тенденциясы байқалса, шығу туризмі және ішкі туризм бойынша 2008 жылы өткен жылдармен салыстырғанда адамдар саны артқан, ал 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 53,2%-ға және 30,4%-ға кеміген. Қызылорда облысы бойынша туризм саласының дамуын және есептік көрсеткіштерін талдау нәтижесі облыста туризмді дамыту үшін міндетті түрде түбегейлі шаралар қолдану қажет екендігін көрсетіп отыр. Осы орайда өңірімізде туризм кластерін құру бұл кезек күттірмес мәселелердің бірі болуы қажет деп есептеймін.

Туризмді ұйымдастыру негізінде ішкі, сыртқы және келу туризмін бөліп қарастыруға болады. Осы орайда Қызылорда облысында туризм кластерін қалыптастыру үшін жобада ішкі және келу туризмі қарастырылған.

Ішкі туризм – Қазақстан азаматтарының республика аумағында сапарлар жасауы. Келу туризмі – шет елдерден туристердің республика аумағында сапарлар жасауы.

Төменде ұсынылып отырған туризм кластерінің үлгісі Қызылорда облысы аумағында туризм кластерін құруда ішкі және келу туризмі тұрғысында жасалған (1 сурет).

1 сурет үлгісінің туристік сапарды ұйымдастыру өзіне жоғарыда көрсетілген құрылымға сәйкес туристік кластердің кешенді жұмысын біріктіреді.

Туризм кластерінің қызметі өзіне келісімшарт жасау, сақтандыру қызметі, визаны рәсімдеу, туристік турдың ақысы, туристік өнімнің бағасын есептеу сияқты ұйымдастыру мәселелерін қамтиды.

Халықаралық туристік операцияларды жүзеге асыру осы халықаралық қызмет түрінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әртүрлі ұйымдармен, туристік қызметті пайдаланатын — туристермен және оларды өндіретін және жеткізетін туристік фирмалармен белгілі бір қарым қатынасын білдіреді.

Турист пен туристік фирма арасындағы келісім-шарттық қатынастар сатып алушы (тапсырыс беруші) мен сатушы (орындаушы) арасындағы қатынастар ретінде өрбиді. Сонымен бірге туристік фирмадан сатып алынатын «өнімнің» ерекше сипатын атап өткен жөн. Келісім-шарт жасай отырып турист нәтижесінде оған қажетті қызметтер жиынтығын алуға ұмтылады. Фирма туристке, әдетте, әлі қызметтердің өзін емес, туристпен тікелей келісім-шарттық қатынастары жоқ кластер құрамындағы фирмалардан белгілі бір уақытта, белгілі бір орында қызметтерді алуға құқықтарды (кепілдемелер) ұсынады. Турист, сондай-ақ бағыттаушы фирманың өзінен қызмет көрсетулердің белгілі бір түрлерін ұсынуына кепілдемелер алады. Бұл құқықтардың жиынтығы жолдамада көрініс табады, бұл туристік кластерді соңғы «өнімі» және сәйкесінше оны өткізу пәні болып табылады.









 












 















1 сурет — Туризм кластерінің үлгісі

Туристік фирма мен турист арасындағы қарым-қатынастар біріншісінің екіншісіне туристік фирманың қалыптастырған туристік өнімін өткізуге құқықтарын ұсынуы туралы агенттік келісім-шарт негізінде құрылады.

Сол себепті турларды ұйымдастыру кезінде кластер шеңберінде туристік фирманың сақтандыру компанияларымен өзара қызметтестігі маңызды болып есептеледі. Сақтандыру жарнасы жолдама құнына қосылады. Оның көлемі тарифке байланысты.

Тарифтердің төрт түрі белгілі:

  1. елшіліктер шарттары олар сақтандыру сомасын минималды көлемін анықтай алады;
  2. жолдама мерзімі;
  3. топтағы адамдар саны (5-20% көлемінде жеңілдіктер болуы мүмкін);
  4. жас ерекшелігі (60 жастан жоғары болған жағдайда сақтандыру сомасы 2 есеге дейін ұлғайтылы мүмкін).

Қазіргі уақытта туристердің сақтық қызметтерін көрсетудің екі нысаны бар:

  1. Компенсациялық (барлық медициналық шығындарды туристің өзінің төлеуін және оларды тек еліне қайтқаннан кейін ғана қайтарын қарастырады, бұл әдетте ыңғайсыз болады, себебі туристің осындай жағдайлар үшін қолында қомақты ақшалай қаражаттары болуы қажет).
    1. Жүкті сақтандыру бағдарламасы
  2. Сервистік
    1. Медициналық шығындарды сақтандыру
    2. Бақытсыз жағдайлардан сақтандыру
    3. Туристің оқыс әрекеттері салдарынан үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге қатысты азаматтық жауапкершілікті сақтандыру бағдарламасы.

Сақтандыру полисі – туристік сапар кезіндегі міндетті құжат. Әлемнің көптеген елдерінде арнайы сақтандыру полисі болмаған жағдайда виза берілмейді. Оларға Австрия, Бельгия, Германия, Голландия, Дания, Испания, Норвегия, Франция, Швейцария, Швеция, АҚШ сынды дамыған елдерді жатқызуға болады.

Сақтандыру полисінде сақтандыру жағдайы болған кезде қажетті медициналық қызмет көрсетуге төлем жасауды кепілдендіретін құжат ретінде кластер құрамындағы серіктес-фирманың байланыс телефондарының номерлері, сақтандырушы және сақтанушы туралы ақпараттар, сақтандыру шарттары мен құны және соғыс, ядролық жарылыс, көлік авариялары, созылмалы аурулар және т.б. жағдайында компанияның міндеттемелерде босату туралы ақпараттар міндетті түрде болуы қажет.

Туристік фирма кластер құрамындағы жеткізуші фирмаға және өзге де қызмет көрсетуші фирмаларға (қонақ үй, мейрамханалар және т.б.) тапсырыс пен жолдама мерзімі көрсетілген кепілдеме хат жібереді.

Визалар да осы түрде рәсімделеді. Сапар мақсатына байланысты визалардың бірнеше түрлері бар – туристік, жеке шақыру бойынша визалар, іскерлік шақыру бойынша визалар.

Жеке және іскерлік шақырулар бойынша визаларды рәсімдеу ел консулдықтарында жүзеге асырады. Туристік визаны рәсімдеу туристік агенттіктің алдын-ала белгіленген тізімде көрсетілген туристердің белгілі бір санына шетел фирмасын шақыру көмегімен жүзеге асырылады. Консулдық қарастырғаннан кейін бүкіл топ үшін жалпы немесе жеке туристер үшін арналған визалар беріледі.

Туристік өнім бағасын есептеу жолдама құнына келесі баптар кіреді:

  1. жол ақысының құны;
  2. тамақтану құны;
  3. орналасу құны;
  4. трансферт құны;
  5. экскурсиялық бағдарлама құны;
  6. визаны рәсімдеу құны;
  7. сақтандыру полисінің құны.

Туристік жолдама бағасы туристік фирма шығындары мен пайдасы көлемінің өзіндік құнынан жоғары болады.

Бұл баптарда ұсынылған шығындар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді. Тұрақты шығындарға мыналар жатады:

  1. жол ақы құны;
  2. трансферт құны;
  3. сақтандыру полисінің құны;
  4. барлық қажетті құжаттарды рәсімдеу.

Әдетте, тұрақты шығындар тур ұзақтығына және қызмет көрсету сапасына байланысты емес.

Қонақ үй және тамақтану үлесі жолдаманың жалпы құнының 60-65%-ны құрайды. Бұл екі элемент айнымалы өлшемдер болып табылады және қызмет көрсетулердің бұл түріне бағалардың өзгеруіне, сонымен қатар маусымдық ерекшеліктеріне, географиялық орналасуына, қызмет көрсету түрі мен класына байланысты болады.

Қонақ үй және мейрамхана қызметінің құнына тур ұзақтығы да әсер етеді.

Әрбір құрылымдық бірлік өз қызметін тиімді және сапалы ұйымдастыруына мүдделі. Себебі кластер – олар үшін тұрақты табыс көзі.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында туризм кластерін қалыптастыру және жүзеге асыру тек қала немесе бір аудан төңірегінде ғана емес, бүкіл облыс көлемінде экономикалық дамуды көздейді.