Қазақстанда үшінші ұлттық валюта пайда болды

2 515

Фото: gov.kzҚазақстанда цифрлық теңгені енгізуге арналған нормативтік-құқықтық база ресми түрде бекітіліп, оны ел экономикасына кең көлемде енгізудің жоспары әзірленген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Енді теңгенің цифрлық форматы ұлттық валютаның үшінші түрі ретінде ресми түрде танылған. 

Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, цифрлық теңге ұлттық валютаның толыққанды үшінші түрі болады және Қазақстанда ол қолма-қол ақша (бірінші форма) және қолма-қол емес есеп айырысулармен (екінші форма) қатар кеңінен қолданылады.

"Бүгін ел үшін маңызды жобалардың бірі мемлекет басшысы да айтқан цифрлық теңге. Оны реттейтін нормативтік-құқықтық база бекітілді. Ресми түрде цифрлық теңге Қазақстандағы ұлттық валютаның үшінші түрі болып саналады", – деді қаржы вице-министрі.

Вице-министрдің айтуынша, өткен жылы Ұлттық банкпен бірлесіп цифрлық теңгені қолдана отырып шамамен 20 пилоттық жоба іске қосылған.

Тұрысов пилоттық жобалар жақсы нәтижелер көрсеткенін атап өтті. Осыған байланысты ұлттық банк пен ұкімет цифрлық теңгені одан әрі кең көлемде енгізу жоспарын бекіткен.

"Үшінші валютаны" кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған:

Бірінші кезекте жүйе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын жобаларда іске қосылады;

Келесі кезеңде цифрлық теңге Үкімет айқындайтын басқа да негізгі жобаларды қамтиды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.