Елімізде азық-түлік бағасы орташа есеппен 35%-ға өсті

478
Биыл азық-түлік бағасы орташа есеппен 35%-ға өсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сыйлыққа 10 мың теңге бөлуге отандастырымыздың тағы да үштен бір бөлігі дайын, ал 42 пайызы сыйлыққа ақша аямайтынын жеткізген.  Қостанай облысында жаңа жылдық дастархан былтырғымен салыстырғанда 35 пайызға қымбатқа түседі. Ал, еңбекақы көтерілгенімен,  баға өсімін қуып жете алар емес. 

 "Ақшан болса қалтаңда, талдасаң талдаңда" деп тегін айтылмаған. Әсіресе, биыл осы мақал жиі еске түсіп тұр. Менеджерлердің айтуынша, қазір халық таңдағанын емес, қалтасы көтергенін алатын болған.

"Азық-түлік бағасы бірден шарықтап кеткен жоқ. Жыл бойы өсіп отырды. Қымбатшылық қазан, қараша айларында қатты сезілді. Жалпы, жыл басынан есептегенде тамаққа жұмсалатын қаржы 35 пайызға артқан. Бұрын адамдар тағамның сапалысын, дәмдісіне таңдау жасайтын. Ал, бүгінде орташа деңгейдегісін алады. Қымбат тауар өте қоймайды"дейді Маркетинг бөлімінің жетекшісі Римма Маутова.

Мамандардың айтуынша, күнделікті бағаның өсуімен қатар, арасында аз да болса арзандап жатқаны да бар. Алайда, мұны жұртшылық байқай бермейді. Мысалы картоптың құны 19 пайызға, сәбіз 38 пайызға түскен. Жаңа жылдық салат үшін пайдаланатын тағамдар арасында бағасы ең көп шарықтаған дардың арасында шұжық өнімдері мен консервіленген жүгері, жасыл бұршақ. 40 пайыздан асады. 

Экономист мамандардың айтуынша биыл инфляция 18 пайызды құрап, рекордтық деңгейге жетті. 

Алдағы жылы әр теңгені ұқыпты ұстап, әрі үнемі экономикалық жағдайды бақылап отыру қажет дейді мамандар. Сонда қоян жылының жеңіл өтеріне мүмкіндік туады.

Түрлі  алпауыт елдің экономикасына әсер етіп жатқан дағдарыс Қазақстанға да өз кесірін тигізбей қоймасы анық. Осы орайда, халықтың әр нәрсені ысырап етпей, үнемдеуі өте маңызды. "Қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпейтін" заман туды. Теңгенің құлдырап, доллардың асқақтап тұрған уақытында  теңгені тиыннан өсіру бізге байланысты  екенін ұмытпаған ләзім.