Әлем елдері доллардан бас тартпақ
645
Goldman Sachs банкі әлемдік валюта қорында доллардың үстемдігі тоқтауы мүмкін екенін айтты , - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшылардың сөздерінше, доллар британиялық фунт секілді түрлі мәселелерге тап болған. Британиялық фунт та бұрын ірі резервтік валюта болған, алайда ХХ ғасырдың ортасында доллар оны басып озды. Бұл Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбритания алған қарыздармен байланысты.
АҚШ-та да осыған ұқсас мәселе туындауы мүмкін. Қазір ол әлемдегі ірі тауар импорттаушы болғандықтан, қарыздары көбейе түскен. Алайда әлемдік саудадағы үлесі салыстырмалы түрде аз. Сауда балансы сальдосында да ауытқулар бар, бұған Украинамен байланысты геосаяси мәселелер де қосылған.
Халықаралық валюта қоры басшының орынбасары Гита Гопинат бұған дейін Ресейге салынған санкциялардың долларға соққы болып тиюі мүмкін екенін айтқан. Сонымен қатар әлемдік сауданың өзге валюталармен жүруі орталық банктерді өз қорларын әртараптандыруға мәжбүрлейтінін айтады. Бұл доллар үшін тиімсіз.
Goldman Sachs мамандары доллардың болашағы АҚШ-тың өз қолында деген қорытынды шығарды. Егер қазіргі саясатты әрі қарай да ұстанып, сыртқы қарыз бен инфляция одан әрі өссе, өзге резервтік валютаға ауысуы мүмкін.