Шенеуніктер сәбіздің келісін 16 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған

2 554

Фото: polsov.comТүркістан облысындағы жемқорлыққа қарсы еріктілер 578,7 млн теңгеден астам бюджет қаражаты негізсіз жұмсалуының алдын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нарықтық құны 15 мың теңге болатын бір тонна көмірді 250 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған. Еріктілердің араласуынан кейін сатып алу жоспары қайта қаралып, 30,2 млн теңге үнемделді.


Ал, Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округінің әкімдігі электр энергиясының 1 кВт-ын 580 теңгеден сатып алмақ болған. Бұл іске де еріктілер әрекет етіп, бюджеттің 26,1 млн теңгесін үнемдеп қалды.


Созақ ауданының білім бөлімі 1750 келі сәбіздің бір келісін 16 786 теңгеден сатып алуды жоспарлаған. Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен енгізілген ұсынымдардың нәтижесінде 29,0 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.


«Түркістан облысының еріктілері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы басталғалы бері мемлекеттік сатып алу порталының мониторингілеу барысында 578,7 млн теңгенің негізсіз жұмсалуының алдын алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, өңір тұрғындарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына қосылуға және бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін бірге бақылауға шақырамыз» - делінген Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұсынған ақпаратта.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.