Шілде айынан бастап интернет-сауда саласында жаңа жоба іске қосылмақ

1 732

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов 1 шілдеден бастап интернет-саудамен айналысушылар ерікті түрде Мемлекеттік кірістер комитетіне сатылымдары туралы есеп беретінін айтты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Биыл 1 шілдеден бастап интернет-сауда саласында пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның аясында интернет-сауда алаңдары сатылымдары туралы деректерді біздің комитетке, ал біз барлық интернет алаңдардан деректерді жинап, оны банктерге жібереміз. Алынған деректер негізінде банктер ай сайынғы салық сомасын есептеп, клиенттерге пуш-хабарлама жібереді», - деді Данияр Жанәлінов ОКҚ-де өткен брифингіде.


Сондай-ақ комитет басшысының мәліметінше, салық кезеңінің қорытындысы бойынша интернет саудамен айналысушылар салық декларациясын толтырады.


«Бұл, алдымен, салық кезеңінде оны бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, салық есебін тапсыру процесін жеңілдетеді. Бүгінде елімізде 80 мыңнан астам кәсіпкер тауарларын интернет алаңдар арқылы сатады. Айта кететін жайт, аталған пилоттық жобаларға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады», - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.